Новости

Мұрат Әуезов: СЕРІКЖАН БІЛӘШ – ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ

Қаза­қстан­дағы зия­лы қауым­ның алды­ңғы буы­ны, мәде­ни­е­та­ну­шы-ғалым, дипло­мат, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Мұрат Әуе­зов Қытай­дың түр­кі халқы­на жасап оты­рған қыспағы мен қан­дастар­дың құқы­ғын қорғап жүр­ген Серік­жан Білә­шұлы­ның мәсе­лесі тура­лы өз пікірін айт­ты.

Об этом сообщает Роспрес

Серік­жан Білә­шұлы­ның қазір үйқа­мақта ұста­лып оты­ры­уы­ның өзі біздің билік­тің үлкен әділет­сізді­гі, қия­на­ты деп біле­мін. Бұл жағ­дай 1969–70 жыл­дар­да Қытай­дан шека­ра­ны бұзып кел­ген Айтан Нүсі­п­ханды есі­ме сал­ды. Ол қытай­лар жақтыр­май­тын­дай, өте ұлт­жан­ды, ақын, тарих­шы, өте сау­ат­ты жалын­ды жастың бірі болған. Ал Серік­жан осы заман­ның Айта­ны. «Жақ­сы­дан сөз шыға­ды жан секіл­ді, тамыр­дан атқы­лаған қан секіл­ді» деген­дей, тіл оларға күре­стің қаруы ретін­де керек бол­ды. Серік­жан Білә­шұ­лы қазақ тілі­мен қатар ағы­л­шын, орыс, қытай тіл­дерін сау­ат­ты түр­де толық мең­гер­ген өте білім­ді аза­мат, сол арқы­лы ол Қытай­ды іші­нен толық біл­ген.

Біз­де көп­те­ген қытай­та­ну­шы­лар бар, бірақ олар қаза­қтың ұлт­тық мүд­десін біл­мей­ді, ол үшін жанын беріп жатқан аза­мат­тар емес, Қытай­дан қан­дай қауіп келе жатқа­нын біл­мей­ді. Біз бұл мәсе­ле­де басқа елдер­ге сеніп қал­сақ, обал бола­ды, тәу­ел­сіз Қаза­қстанға сеніп кел­ген аза­мат­тар­дың құқы­ғын қорғау – біздің мін­деті­міз деп білем. Серік­жан­ның сөз­дері­нен үлкен рух сезі­ну­ге бола­ды, демек оның жүре­гі қазақ деп соға­ды.

Қараңыз­шы, Қаза­қстан­нан 1607 шақы­рым­дық шека­ра­дағы алып көр­ші Қытай­дың саны көп, оларға жер керек, сол үшін олар түр­лі тәсіл­дер­ді пай­да­ла­нып, қазақ жеріне сіңуді мақ­сат ете­ді. Осы кез­де бір­де-бір қытай­та­ну­шы­лар бұл мәсе­лені қозғап шық­па­ды, ара­мы­здан жалғыз шыққан ұлт­жан­ды аза­мат­ты қыспаққа алып отыр. Серік­жан­ды ұйғыр­лар­дың той­ы­на барған­да жиһа­дқа шақыр­ды деп айып­та­уы – үлкен сау­ат­сыздық. Кіна­лаған­дар жиһад пен ғаза­уат­ты қарас­ты­рып отыр, Серік­жан ешқан­дай соғы­сқа шақы­рған жоқ. Ал жиһад­тың мағы­на­сы – өз-өзіңді, өз жауы­ң­ды тану, досың кім, жауың кім екенін, ақ пен қара­ны ажы­ра­та білу. Серік­жан­ды кіна­лаған­дар, міне, солар – сау­ат­сыз сатқын­дар, олар тек өз мүд­десін ойлай­ды. Серік­жан Білә­штің сөзі­нен кере­мет көре­ген­ділік пен ұлт­жан­ды­лы­қты бай­қа­дым. Айтан Нүсі­п­хан мен Серік­жан Білә­шұлы­ның ұқса­сты­қта­ры бар, еке­уі де қаза­қтың қаһар­ма­ны! Бұй­ыр­са, Серік­жан Білә­шұ­лы­мен кез­десіп, сөй­лесіп, өза­ра тіл­та­бысып кете­міз деп ойлай­мын. Серік­жан Білә­шұлы­ның қолы­нан көп нәр­се келеді, осын­дай адам­ның арқа­сын­да ұлты­мыз, елі­міз аман бола­ды.

  • Түп­нұсқа – https://kazakhshumanright.org


Источник: “https://datnews.info/мұрат-әуезов-серікжан-біләш-халық-қ/”

Новости читателей

Кожедый желающий может добавить свою новость или материал на сайт.

ДОБАВИТЬ