КОНТЕКСТ | Instagram желісіндегі ҚР ДСМ фейк аккаунттары

Досье

КОНТЕКСТ | Instagram желісіндегі ҚР ДСМ фейк аккаунттары

2017 жылдың басында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (ДСМ) Инстаграм желісіндегі фейк аккаунттарға шағымданып, олардың министрлік атынан ақпарат таратып жатқанын айтты. ДСМ мен ақпарат құралдары бірқатар жалған профайлды анықтады:


  • https://www.instagram.com/Official_minzdrav_kz
  • https://www.instagram.com/Minzdrav.officially
  • https://www.instagram.com/Rk.minzdravvbyb



Қазіргі кезде олардың бәрі әлеуметтік желіден өшірілген.


Алайда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің фейк аккаунттарына қатысты әңгіме мұнымен біткен жоқ, олардың орнына жаңалары пайда болды (бұрынғы алаяқтардың қарап жатпағанын естеріңізге саламыз). Осы мақаланы жазу кезіндегі аккаунттар тізімі мынадай:


  • https://www.instagram.com/minzdrav_kazahdd
  • https://www.instagram.com/minzdrav_kazahstan
  • https://www.instagram.com/minzdrav_k
  • https://www.instagram.com/kazakhstan.minzdrav
  • https://www.instagram.com/minzdrav_rkz/
  • https://www.instagram.com/kz.minzdrav/
  • https://www.instagram.com/min.zdrav._kz/


«Ауыздағы сасық иіс мазалай ма?» деген сөйлем мен күмәнді суреттер арқылы ғана жалған екенін білуге болатын екі аккаунт бар, олар: minzdrav_kazahdd және minzdrav_kazahstan. Ал қалғандарының аздап қулыққа басатыны байқалады. Басқа аккаунттарда министрдің және өзге де шенеуніктердің суреттері бар, министрлік өткізетін шаралар да көрініс тапқан. Яғни, парақшалар министрліктің жаңалықтарымен бөлісіп отыратын ресми аккаунтқа ұқсайды. Дегенмен, күмән келтіріп көрейікші.


Аватардан бастасақ…


Аккаунттардың бәрінде Қазақстанның елтаңбасы бар. Ал minzdrav_k аватарында министрліктің логотипі бейнеленген. Алайда, оны жақындатып қарасақ, «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» деген жазуды көруге болады. Яғни, бұл – жалған аккаунт.




Профайл


Енді профайлдың сипаттамасына тоқталсақ. Жоғарыда келтірілген аккаунттардың ешқайсысында ДСМ ресми сайтына сілтеме жоқ. Осының өзі күмәнмен қарауға жеткілікті. Сілтеме министрліктің өз аккаунтында ғана бар, ДСМ сайтында сол аккаунтқа сілтеме жасайды.






Контент және оның жарияланған күні


Енді контентке мұқият қарасақ. Жарияланымдардың күніне де назар аударамыз. Байқасақ, https://www.instagram.com/kazakhstan.minzdrav аккаунтында 7 сәуір күні салынған 6 жазба ғана бар, ал https://www.instagram.com/minzdrav_rkz/ аккаунтында барлық 26 жазба 15 тамыз күні салыныпты. Күмәнді ғой, солай ма?








Суреттер


Суреттер де күмән тудырмай қоймайды. Мәселен, kazakhstan.minzdrav және minzdrav_rkz аккаунттарында министрліктің суреттері ашық ресурстардан алынатын иллюстрациялармен араласып жүр. Олардың сапасы да мәз емес, соған қарағанда, басқа дереккөздерден алынып, қайта салынған болуы мүмкін.


«Суреттің түпнұсқа екенін қалай тексеруге болады?» деген нұсқаулығымызға сүйене отырып, тексеріп көрейік. ҚР ДСМ вице-министрі Ләззат Ақтаеваның суреті алғаш рет 2017 жылдың 28 ақпанында bnews.kz мақаласында жарияланыпты. Ал Қостанай перинаталды орталығының бас дәрігері және облыстық мәслихаттағы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Татьяна Булгацевичтің фотосы «Костанайские новости» ресурсында 2017 жылдың 11 наурызында жарық көрген екен.


Сонымен қатар, суреттердің астындағы жазбаға да назар аудару керек. Көбінесе олар мағынасыз болып келеді, мысалы, kz.minzdrav жалпылама сөз жаза салады.




Дегенмен, кейде контент сенімді көрінуі мүмкін. Соған қарамастан, ішкі күмәнді тұншықтыруға болмайды. Дұрысы, контентті гугл арқылы тексеру. Мәселен, minzdrav_rkz көбінесе Фейсбуктегі ақпаратты көшіріп салады, олардың дені ҚР ДСМ ресми парақшасынан алынады.





Ал кейде minzdrav_rkz Фейсбуктегі басқа пайдаланушылардың жазбасын сілтемесіз салады.





Инстаграм желісінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалғыз ресми парақшасы бар. Нағыз профайлдағы атауда «minzdrav» деген сөз жоқ екеніне де назар аударған жөн. Әрі әлеуметтік желілердегі ресми профайлдарға сілтеме министрлік сайтында көрсетілген.




Factcheck.kz Денсаулық сақтау министрлігінің жалған аккаунттарын жариялауды жалғастырады.


Аударған Жұлдыз Әбділда



Источник: “https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/kontekst-instagram-zhelisindegi-kr-dsm-fejk-akkaunttary/”

Похожие материалы (по тегу)

Новости читателей

Кожедый желающий может добавить свою новость или материал на сайт.

ДОБАВИТЬ